Мектепішілік қыздар, ұлдар жиналысы
Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1 орта мектеп - гимназиясы» КММ бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы және ІІБ қызметкерлері, мектеп медбикесі, ұлдар ұйымының төрағасы, мектеп әкімшілігі тарапынан 7 – 11 сынып оқушыларына мектепішілік қыздар, ұлдар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында нашақорлық, темекі шегу, электронды темекіні пайдалану, олардың зияндылы жайында, оқушылардың тәртібі, зорлық – зомбылық, оқушылар арасындағы құқықбұзушылық, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз оқушылардың көшеде немесе түнгі ойын – сауық орталықтарында жүруі, қысым көрсетушілік, мектеп формасы және әлеуметтік желілердің зияндылығы жайында лекция оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.