14
November
2019
"Тоғызқұмалақ" ойыны
Мектебімізде қалалық «Тоғызқұмалақ» жарысы өтті. Тоғызқұмалақ ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Тоғызқұмалақ ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз тоғызқұмалақтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, "Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді" деген болатын. Сондықтан тоғызқұмалақ пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек.