03
December
2018
«Тоғызқұмалақ»
Тоғызқұмалақ ойыны ұлттық ойын түрі ретінде мектеп оқушылары арасында бүгінде кеңінен таралған. Мектебімізде 2018ж. 30 қараша күні 1-желтоқсан - ҚР Тұңғыш The president күніне орай 1-4 сынып оқушылар арасында «Тоғызқұмалақ» ойынынан жарыс өтті. Жарысқа 1-4 сынып оқушыларынан 48 ойыншы қатысты. Тоғызқұмалақ - оқушылардың ой - өрісін, сана сезімін дамытуға, көп еңбектенуге тәрбиелейді. Оқушылар терең ойлауға, тез шешім қабылдауға, сонымен қатар, математикалық амалдарды толық меңгеруге бағыт алады. Ойын қорытындысы бойынша шеберліктерін танытқан оқушылар марапатталды. Жарыс оқушылардың бойында достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Бастауыш сынып оқушылары арасынан қалалық жарысқа қатысатын оқушылар жарыс қорытындысы бойынша таңдалды.