14
November
2019
«Қауіпсіз мектеп»
«Абай атындағы №1 орта мектеп – гимназиясы» КММ-інде «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен «Қауіпсіз мектеп» онкүндігінің жоспары құрылып, бекітілді.
Онкүндік барысында балалардың қауіпсіздігі, зорлық – зомбылық, жарақаттанушылықты, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық -тардың алдын алу жұмыстары қарастырылған. Бекітілген жоспарға сәйкес мектебімізде 1-4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет салып, көрме ұйымдастырды.
1-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ішкі істер қызметкерлерімен бірге көшеде, жолда, үйде, мектепте, сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтарын жүргізілді.
Балалар қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу мәселесі бойынша ата – аналар жиналыстары өтті. Жиналыста балалардың психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, басқа да теріс әрекеттерді насихаттайтын сайттарға, кәмелетке толмағандардың ар-намысына нұқсан келтіретін және қандай да құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға итермелейтін әлеуметтік желілерге баланың тіркелмегендігін бақылап отыруға кеңестер берілді.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған «Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясына «Абай атындағы №1 орта мектеп - гимназиясы» белсенді қатысты.