19
May
2022
Ата – аналар жиналысы
Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1 орта мектеп – гимназиясы» КММ – де 1 – 11 сыныптар арасында мектепішілік ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп психологтары ата – аналарға психологиялық тренингтер мен сауалнамалар ұйымдастырып, түрлі тақырыптарда психологиялық кеңестер берді. Сонымен қатар, сынып жетекшілер ата – аналарды 2021 – 2022 оқу жылының қорытындысымен, жаз мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігімен таныстырып, балалардың демалыс кезінде уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жазғы мектеп, жазғы алаң мәселелерін қарастырып, талқылады.