Сан түрлі көзқарастағы ағымдардардан сақтанайық
19.10.2022ж. күні 7-8 сынып оқушыларымен діни бірлестік өкілдері «Сан түрлі көзқарастағы ағымдардардан сақтанайық» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында діни бірлестік өкілдері айтқан ақпаратқа көз жүгіртсек:
«Дін - аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді. Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылMayды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ. Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мына мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз (слайдтар арқылы) . Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Діни сенім – имандылық дегеніміз сүйіспеншілік, мейірімділік, бейбітшілік, ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы, қантөгіс, қатыгездік, адамдар үшін қайғы-қасірет. Құдайға шүкір, егемендік алғалы кем-кетігіміз толтырылып, ел ертеңі жастарға жан-
жақты, діни, тілін танытып, саналарын оятар мақсатпен білім беру бірінші кезекке қойылды. Әсіресе, имандылыққа баулып, әдептілікке, инабаттылыққа, жалпы адамгершілік қасиеттерге баулитын іс- шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Міне, осындай күндерге жеткеніміздің өзі жұбаныш».
Сондай-ақ мектеп оқушыларын төмендегі ережелермен таныстырды.
Ереже:
1. Көшеде кетіп бара жатқаныңызда, бейтаныс адаммен діни тақырыпта әңгімелесуден бас тартқаныңыз дұрыс.
2. Егер әңгіме басталып кетсе, аты – жөнін сұрап, танысыңыз. «Біз – Христостың Шіркеуіміз» деген жауапты қабылдамаңыз.
3. Есіңізде болсын, көп жағдайда дәстүрлі емес діни миссиялар бүркемеленушіліктермен сипатталады. Мысылы, Сізді ағылшын тілінен тегін курстарға шақырып – Киелі Кітапты оқып, сол бойынша өмір сүруді насихаттайды. Мұндай әдістердің «экологиялық форум», «сырласу мектептері» және бүркеме ат жамылған т.б түрлері бар.
4. Сізге керемет мақтау, мадақтау сөздерді айтып, Сізді өздеріне, қауымына «байлап алу» тактикасын қолданады. Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңадан танысқан адамдарға «махаббатпен жаулап алу» терминін қолданады. «Сіз ерекше дана адам екенсіз!», «Сіз өте жақсы киінеді екенсіз!», «Сіздің талғамыңызға біз бас иеміз!» т.б.
5. Белгілі бір діни бірлестіктің ғибадатына бармас бұрын, ата – аналарыңызбен, туған – туыстарыңызбен, Сіз үшін аса құрметті кісілермен ақылдасқаныңыз абзал.