«Мектепке жол» акциясы
Дәстүрге айналған Республикалық «Мектепке жол» акциясы басталғанын хабарлаймыз!
2023 жылы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасымен «Жақсылықты жаса» ұранымен Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан —30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Аз қамтылған отбасынан шыққан көптеген оқушылар бар. Оларды мектепке дайындауға көмектесейік! Барлық бала мектепке баруы қажет!
Мектепке баруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға қол ұшын берейік! Акцияға қатысамын деушілерге шектеу қойылMayды.
Демеушілік танытып, қол ұшын созамын деген еріктілер болса, мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Н.Б. Нурбатырова сот.: 8 7085175331, әлеуметтік педагогы А.А. Ускембаева сот.: 87029551841 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз! Барлық балаға мектепке жол табуға көмектесейік!