Төтенше жағдай қызметінің мамандарымен кездесу
«1 қыркүйек – білім күні» мерекесіне байланысты бүгін мектебімізде 8 сынып оқушыларымен Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Тазабеков Ринат Талғатұлымен және Есіркі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел өкілі Кадыров Дилмурат Усенжановичпен сондай-ақ, Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының оңалту бөлімінің меңгерушісі Ерғабылов Мақсат Бейбітұлымен кездесі өтті. Кездесу барысында оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу әрекеттері түсіндіріліп, ал төтенше жағдай орын алған жағдайда қандай іс-қимылдар жасау керектігі айтылды. Сонымен қатар зиянды заттар зардаптары мен олардан аулақ жүру керектігі айтылып, қорғану әрекеттері көрсетілді. Зиянды заттардың бірі есірткіні қолданған жағдайда заң бойынша қандай қылмыстық жазаға тартылатындығы туралы оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Аталмыш кездесу жоспар бойынша алдағы уақыттарда да ұйымдастырылып өткізілетін болады.