«Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың»
26.04.2023ж күні 7 -10 сынып оқушыларымен Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының инспекторы Бекешқызы Ділназ және А.Б Куралева «Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың» алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Сонымен қатар Зиянды заттарды (есірткіге қарсы, психотропты заттар, электронды темекі) қолданбау, олардың алдын алу » тақырыбына әңгімелесу өткізілді. Өзінің әңгімесінде қалалық полиция қызметкерлері ұрлық, тонау, қорқытып алу, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуын айтты. Жасөспірімдерге қылмыс жасағаны үшін қандай жастан бастап және қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда, сонымен қатар түнгі уақытта 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынатынын ұмытпауларын сұрады. Сондай-ақ оқушыларға спирттік ішімдіктер мен темекіні қолданудың зияны туралы еске салып, осы зиянды әдеттердің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.
Балалар инспекторларды зейін қойып тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Қарастырылған сұрақтар:
• Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
• Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалау;
• Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу;
• Суицидтің алдын алу;
• Зиянды заттарды (есірткіге қарсы, психотропты заттар, электронды темекі) қолданбау, олардың алдын алу;
• Интернет алаяқтарынан(мошенники) сақтану.