07
September
2024
Отбасы-бақыт аясы
7-қыркүйек отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар үшін қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Абай атындағы №1 орта мектеп КММ ата-аналармен тақырыптық кездесу өткізіліп, әр адамның өміріндегі отбасының маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды. Мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкерлер 1 сыныпқа түскен көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетті.