20
февраль
2018
«Спидкубинг» кубик – рубикті 3х3 төртжақты текшесін жинау байқауы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай, оқушылардың шапшаң ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2018 ж. 16 ақпан күні мектепішілік «Спидкубинг» кубик – рубикті 3х3 төртжақты текшесін жинау байқауына 5-9 сынып оқушылары арасынан 36 оқушы қатысты. Байқаудың жеңімпаздарын бағалау үшін мектебіміздің математика, бастауыш сынып және информатика пәнінің мұғалімдері Р.Ж.Сураумбетова, Г.М.Тынышбаева, А.Т.Мамырбаева, О.А.Садра, Г.Б.Молдакулова, М.Сержантқызы әділқазы мүшелері болып сайланды. Жарыс 3 турдан болды. 1-турдан өткен 13 оқушы жартылай финалда өнер көрсетті. Финалға 6 оқушы шығып, ІІІ орынды
5 Е« сынып оқушысы Б.Дәниярұлы, ІІ орынды 8 «Б» сынып оқушысы С.Ахметов пен 5 «Г» сынып оқушысы А.Медельбаев, ал жүлделі І орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Ә.Адамбек жеңіске жетіп, мақтау қағаздарымен жеке кітапхана қоржындарына кітаптар сыйлыққа тартылды. Жартылай финалға өткен 13 оқушыға мектептің төсбелгісі сыйға берілді. Жарысқа оқушылар жоғары деңгейде белсенділік көрсетіп, қызығушылықпен қатысты.