20
февраль
2018
«А,ну-ка, мальчики! »
2018ж. 16 ақпан күні 8 «Г» сынып жетекшісі К.М.Дурекенова сынып арасында «А,ну-ка, мальчики! » атты ашық сынып сағатын «Ауған соғыс ардагерлер» күніне орай өткізді. Мақсаты: оқушылардың өз Отанын сүю, құрметтеу, өз елін қорғайтын азаматы болуға тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар екі топқа бөлініп байқау ретінде өтті. Байқауда 10 түрлі жарыс болды. Әр кезеңге оқушылар жақсы дайындықпен келіп, қызығушылық танытты. Жүргізушілер көрермендермен де ойын ұйымдастырды. Шығармашылық байқауда Д.Жасболат пен Р.Сағадиев өз өнерлерімен көзге түсті. Байқауда «достық» жеңді. Сынып сағатының тәрбиелік маңызы өте зор болды.