«Іс-әрекетті зерттеудің алғашқы баспалдақтары»
Мектепте мұғалім тәжірибесіндегі зертеу жұмысы бойынша бірталай жұмыстар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, мекепішілік жоспарға сай іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстар жүйеленіп жүргізіліп жатыр. Оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап мектепте іс-әрекетті зерттеу жұмысы басталған болатын. Алдымен, осы біліктілілік курсынан өткен трненерлер мектепішілік курсты бастап, теориямен қаруландырды. Теорияны меңгеріп алған педагогтер жоспар құрып, белгіленген сыныбындағы өзекті мәселелерді анықтап алып, іс-әрекетті зерттеу жұмыстарын бастады. Аталған шаралар бойынша ақпан айының 2021 жылдың 17 күні қалалық деңгейде іс-тәжірибемізді таныстыру, тарату мақсатында «Іс-әрекетті зерттеудің алғашқы баспалдақтары» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға жетекші мектеп және желілік қауымдастық жобасы аясында мұғалімдер тартылды. Вебинар құрылымы жағынан маңызды да мағыналы өтті. Іс-әрекетті зерттеу бойынша жалпы шаралармен, жүргізілген жұмыстармен таныстырылып, тәжірибемен бөлістік. Вебинарды жүргізуге атсалықсан ұстаздар: Досыкенова А.Р.- тренер. Тынышбаева Г.М.-тренер, Иманбекова Ғ.Д.-тренер және Сатымбаева З.Ж,- ағылшын тілі пәні мұғалімі, Султанғанинова А.Д.- жас маман. Вебинарға мектептегі курс тыңдаушылары да қатысты. Соңында әріптестерді мазалап жүрген сұрақтарға жауап бердік. Әдістемелік қоржынына әр мұғалім өзіне керекті материалдарды алды деген сенімдеміз.