«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" Education Department of Shu district
Reception room :
+7(7282) 24-52-93
bookkeeping:
+7(7282) 24-52-93
Version for
visually impaired
18
December
2020

«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ»

Бүгін «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрліонлайн адалдық сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекетжәнесаяси қайраткер, ақынжәнежазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.

Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы.Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.

Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жөн сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.

Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.

Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше. 

Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік,  шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз. 

Ел жастарына осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.


Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=-Ro7dcnm75U&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN



Сегодня проведен традиционный онлайн урок добропорядочности на тему «Нравственное наследие Сакена»,посвященный духовно-нравственному наследию Сакена Сейфуллина, жизнь и творчество которого пронизано принципами справедливости и честности.

Сакен Сейфуллин – государственный и политический деятель, поэт и писатель, один из основоположников современной казахской литературы.Он принадлежит к плеяде казахских деятелей, отдавших свою жизнь за возрождение и процветание казахской нации.

Одним из отличительных качеств всесторонней личности Сакена Сейфуллина являетсяего преданность образованию и наукеподрастающего поколения. В период своего председательства в Совете Народных Комиссаров он первым инициировал идею предоставления стипендий молодым студентам, отметив, что «казахская молодежь должна учиться в лучших учебных заведениях мира».

Он считал своим долгом – сделать все возможное, чтобы помочь молодому поколению. «Если вы не будете помогать в учебе, в своей работе, в творчестве, судьба следующего поколения будет на вашей совести» эти слова показывают его высокий уровень интеллигентности.

Основная идея его поэзии – познание ценности и верности дружбе.                             Поэт, глубоко ценивший настоящую дружбу, воспевает честность и пишет о дружбе, как о сокровище человека.

Личность С. Сейфуллина занимает особое место в продвижении патриотизма и любви к своей Родине, способности преодолевать любые трудности для достижения цели.

Своей честностью, добротой и беспристрастностью, делом и искусством он сохранил почетное звание настоящего человека – учителя поколений.

Сегодня молодежь Казахстана узнала о жизненных ценностях великой личности в ходе онлайн «Часа добропорядочности».


Ссылка на видео-урок:https://www.youtube.com/watch?v=WGx25JtQuCE&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив