14
November
2019
«Адалдық - ардың ісі» сурет көрмесі
«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сай қазан айында мектеп оқушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық – ардың ісі» атты суреттерінің көрмесі өтті. Көрмеде мектеп оқушыларының 20-дан астам жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды. Көрмені мектеп оқушылары тамашалап, сыбайлас жемқорлықтың зияндылықтары түсіндірілді. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылMay отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру. Көрме барысында үздік сурет салған оқушылар анықталды:
І орын: 8 «б» сыныбы
ІІ орын: 5 «а», 8 «в»сыныптары
ІІІ орын 6 «б», 7 «б» сыныптары мақтау қағаздарымен және белсене қатысқандары үшін 5 «в» сыныптары марапатталды.
І орын: 8 «б» сыныбы
ІІ орын: 5 «а», 8 «в»сыныптары
ІІІ орын 6 «б», 7 «б» сыныптары мақтау қағаздарымен және белсене қатысқандары үшін 5 «в» сыныптары марапатталды.