«Абай оқулары» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2018

«Абай оқулары»

Сәуір айының күлімдеген күнінде «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ қалалық XІХ «Абай, Шәкірім оқулары» өтті.
Абай, Шәкәрім оқуларының негізгі мақсаты:
Қазақ елінің рухани жағынан толысып дамуы үшін Абай, Шәкәрім тереңіне үңілту, ақын қазынасын келер ұрпақтың таусылмас байлығына айналдыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту. Абай, Шәкәрім поэзияларына, мұраларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдері, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Мектеп «Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ...» атты тақырыпқа сай безендіріліп, «Абай әлемі» атты кітап қөрмесі ұйымдастырылды және Семей қаласындағы Абай мұражайынан арнайы түсірілген бейнебаян таныстырылды.
Биылғы XІХ қалалық Абай, Шәкәрім оқуларының шымылдығын аталған мектептің оқушылары ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы халық күйлерімен және Жұматай Тоғжанның орындауында «Көзімнің қарасы» әнімен ашты. Сонымен қатар, 3- сынып оқушысы жас та болса, Абайдың 100-ден аса өлеңін жаттап, мектепішілік «Абай, Шәкәрім оқуларында» бас жүлдені жеңіп алған Сансызбай Перизат қалалық «Абай, Шәкәрім оқуларында» Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып өз өнерін көрсетті.Байқауға қатысушылар Абай, Шәкәрім өлеңдерін, әндерін, арнау өлеңдерін оқыды. Байқауға барлық мектеп оқушылары қатысты.
Қалалық «Абай, Шәкәрім оқуларының» үш бағыты бойынша әділқазылар алқасының мүшелері:
«Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» бағыты – Абай, Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу.
1.Қожағұлов Сайлау Қажыбекұлы - І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің гуманитарлық факультетінің филология ғылымының кандидаты, доцент, Абайтанушы.
2.Кожакеева Зинагүл Халыққызы – Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы.
3. Досыкенова Алма Рахимберлиновна. Абай атындағы №1 ОМГ-ның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты – жас дарындар конкурсы.
1.Имангазиев Мұратбек Мүбүраханұлы – І.Жансүгров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің гуманитарлық факультетінің филология ғылымдарының доценті, профессор.
2.Сеңгірбаева Ардақ Макенқызы – Алматы облысы тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
3.Мұхтар Күмісбек – «Жетісу» облыстық газетінің тілшісі, ақын
«Көңілім әнді ұғады» бағыты – Абай, Шәкәрім әндері мен күйлерін орындаушылар байқауы.
1.Құрсабаев Азат Қадырұлы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, «Ардагерлер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2.Дәуренбекова Эльмира Жабықбайқызы. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының әншісі.
3.Саркытбекова Сарбиназ Токтарбаевна – білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері.
Бас жүлде иегерлері.
Атап айтсақ: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» секциясында
№15 ОМ 8 - сынып оқушысы Болат Камилла –Бас жұлдені жеңіп алды.
«Жүйріктен жүйрік өзар жарысқанда» секциясында
№22 ОМ 9 - сынып оқушысы Құттыбаев Әділ – Бас жүлдені жеңіп алды.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясында
№26 ОМ 9 - сынып оқушысы Нұржанова Венера Абайдың өлеңін бұлбұлша сайрап, бас жүлдені жеңіп алды.
Бас жұлдені иеленген оқушылар облыстық Абай, Шәкәрім оқуларына жолдама алды.

«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
«Абай оқулары»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
kinostudiyawindowslive.ru
4 августа 2022 11:36
Софт сайт: kinostudiyawindowslive.ru чтобы создания также редактирования видео, умещающаяся в эшелон пакета «Важнейшие компоненты Windows». Ранние версии Windows Talkie Maker распространялись в составе Windows Me, Windows XP а также Windows Vista, один-другой выходом Windows 7 Студия водилась выставлена с операторной строи Windows.