«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
02
май
2018

«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»

Әдеби-танымдық іс-шара ІV бөлім бойынша жоспарланып өтті. І бөлім мектеп алдындағы алаңға мемлекеттік Туды кіргізуден басталды. Мұнда дәстүрлі түрде өтетін қалалық «Жас Ұлан» спорттық жарысының 5 мәрте жеңімпаздары, мектебіміздің мақтаныштары «Жас Ұлан» жасағы саптық көрініс көрсетті. 1, 4, 6, 8, 10-сынып оқушыларының құрылған би тобы «Қара жорға», 1,3-сынып оқушылары «Гүлдер», 2-сынып оқушылары «Құстар» биін билеп, 9-сынып ұлдары «Рухани жаңғыру» композициясын құрды. Шараның кіріспе бөлімінде тақырыпты ашуға бағытталған біртұтас шар өз деңгейінде өтті.
Қонақтарды ІІ бөліммен таныстыру үшін мектептің фойесіне шақырдық. Мектептің мұғалімдері мен оқушыларынан құралған ұлттық аспаптар ансамблі әр ұлттың музыкасынан жинақталған папуриді орындады. «Келіншек» күйі, жеке номерде баян аспабында 8 «Г» сынып оқушысы Р.Сагадиев Абайдың «Көзімнің қарасы», 4 «Ә» сынып оқушысы Р.Муратов скрипка аспабында, «Қосалқа» күйінің сүйемелденуімен «Шашу» биі биленіп шашу шашылды. Орыс тілінде оқытылатын оқушылардан құрылған 3-4 сынып оқушылары әр ұлт өкілдері болып киініп, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап астана тарихын ашу мақсатында өлең, қарасөз оқыды. Мектептің фойесіне қойылған мектеп кітапханашыларының «Біз патриотпыз» тақырыбындағы көрмесі, «Астанаға 20 жыл» қолөнер көрмесі де тақырыптың мазмұнын толықтыра түсті. Көрмеге 7-8-сынып оқушыларының қолынан шыққан дүниелер қойылып, тарихтан кезең-кезеңімен сыр шертті.
Шараның ІІІ бөлімі бірінші қабатта сурет көрмесімен жалғасын тапты. Көрмеге бастауыш сынып оқушыларының тақырыпқа сай салынған суреттері «Туған жер-алтын бесігім» атауымен назарға ұсынылды. Қабырғаға қазақтың ұлттық оюымен безендірілген басқұр түрінде керілген «Мен- өз елімнің патриотымын» атты керме-көрмеде орта буын оқушыларының шығармашылық жұмыстары ілінді. Сол жерде танымдық іс шараға келген қонақтарды тіркеп, кеудесіне естелік ретінде оқушылардың қолымен жасалған «Рухани жаңғыру» төс белгісі тағылды.
Шараның ІV бөлімі мектептің мәжіліс залында жалғасын тапты. Бұл бөлім мектебіміздің әншілері Нұржан мен Аружанның орындауындағы «Алтын адам» әнімен шымылдығын ашты. Одан әрі тарихтан танымдық сыр шертер біртұтас қойылым және музыкалық шарамен жалғасты. Төменгі сынып оқушыларының үлкен «Қазақстан тарихы» кітабын көтеріп кіріп, тарих қойнауына енуінен басталған көрініс жоғарғы 10-сынып оқушыларының Абылай хан, Қабанбай батыр, Бұқар жырау, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың бейнесінде берілген керемет көрініспен жалғасты. Қазақ хандығының құрылуы, жоңғарларға қарсы күрес, ерлік, табандылығын көрсеткен көрініс Алаш зиялыларын жазықсыз атуға, айдауға жіберген көрініспен, одан әрі Б.Шарахымбайдың «Қазақ драмасы» өлеңін оқып шыққан 10-сынып оқушыларының қолдарындағы шынжырды Жас Қазақ ұланы шынжырды үзіп шығып, тәуелсіз, азат елдің «Мен-қазақпын», Желтоқсан туралы өлеңін 3 «Ә» сынып оқушысы П.Сансызбайдың оқуымен жалғасын тапты. Жүректі шымырлатар бұл қойылым қазақ елінің тарихынан сыр шерте отырып, елдің рухының жасымағанын, қаншама қиындықты көрсе де сағын сынбағанын дәлелдеді. Ең соңғы көрініс АҚШ, Ресей және Қазастан Президенттерінің жарқын елдің жарқыраған бейнесіне таң қала қошемет білдірген диалогымен, скайп арқылы шет елде оқып жүрген біздің мектептің оқушыларымен тілдесумен жалғасын тапты. Мектебіміздің қадірлі қонағы Жұматай Қабдықадырұлы немересімен бірігіп айтқан әні, ұлдар вокал тобының «Мен-қазақпын» әнімен шара өз мәресіне жетті. Ән айтылып жатқан мезетте шараға қатысқан барлығы 211 оқушы (жүргізуші-2, Ту ұстаған ұландар-3, Жас ұландар-15, «Қара жорға»-60, «Гүлдер»-20, «Құстар»-15, «Рухани жаңғыру»-6 оқушы+9, оркестрде-16, би-2, түрлі ұлт өкілдері-20, қазақ-4, батырлар мен бишілер, әншілер, Президенттер, жас қазақ- барлығы 39 оқушы тартылды) акт залына соңғы шеруге шықты. Сахнада батырлар мен әншілер шықса, залдың ішіне бишілер шығып, әннің қайырмасын бірге асқақтата шырқады. Шара өз деңгейінде соңына жетті.
Мектеп директоры С.С. Долаев келген қонақтарға алғысын білдіріп,іс-шараны қорыта сөз сөйледі былтырғы оқу жылында 106 оқушы шығып, өздерінің өнерлерімен бөліссе, биылғы оқу жылында 211 оқушы қатысқанын атап өтті. Оқушыларға үлкен алғысын айтып, биік шыңдардан көрінетіндеріне сенімін білдірді. Шараға әділқазылық етуге келген қонақтар: қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, әділқазы төрайымы- З.Ә. Жақатаева, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері- Әділханов Марат Дәулетұлы, Беделбек Сүлейменов, Рақыш Кенжехан Мұсағалиұлы, Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы, Сағатбекова Нәзипа Қапанқызы.Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жақатаева Зәуре Әнуарбекқызы тілегі мен бағасын берді. Ұжым мүшелеріне, оқушыларға алғысын айтты. Әдеби-танымдық іс-шараның соңында мектеп ұжымы, оқушылар, қонақтар естелікке суретке түсті.

С целью формирования у учащихся любви к Родине, чувства патриотизма, развития и углубления знаний об истории, культуре, знаний традиций и обрядов своей Родины, 26.04.2018г. в КГУ «СШГ№1 им. Абая» проведено городское мероприятие «Ата-баба дәстүрі» на тему: «Я - патриот своей родины!».
Торжественное открытие мероприятия началось во дворе школы, где было задействовано 211 учащихся: торжественное внесение знамени и строевая подготовка учащихся «Жасулановцев», танцевальная композиция «флешмоб» и постановка изображения символики «Рұхани жаңғыру».
На втором этапе программы гости были приглашены в фойе школы, где вниманию были представлены выставка «ручной работы» учащихся. Гостей встретили сопровождением инструментального оркестра, позже были прочитаны стихотворения, посвященные 20-летию города Астаны учащимися школы разных национальностей в национальных костюмах. В фойе школы была оформлена выставка школьной библиотеки на тему: «Я - патриот своей Родины!».
Третья часть программы прошла в галлерее, где были представлены рисунки учащихся на тему: «Мой край родной!».
Четвертая часть была организована в актовом зале школы, где были представлены инсценеровки с сопровождением видеороликов и слайдов, а также короткометражные видеоролики учащихся-выпускников нашей школы из разных стран. Прозвучали патриотические песни и исполнены танцы учащимися. В завершении мероприятия на сцену вышли все участники представления.

«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»

«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»

«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
«Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив