21
январь
2019
«Ауғанның отты жалыны»
Абай атындағы №1 мектеп – гимназиясы» КММ 2019 жылы 21 қаңтар күні мектеп кітапханасында Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылуына 30 жыл толуына байланысты ерлік көрсеткен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Ахметжанов Мұхтар Абдықасұлы шақырылды. Шара барысында қонағымыз өзінің жан кешті оқиғаларын, ерліктерін және де бірге жүрген жолдастары туралы баяндай отырып, сөзінің соңында оқушыларды елін, жерін сүюге, бойларында патриоттық сезімнің басым болуына, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышына адал болуға шақырды. Сөз кезегін алған мектеп директоры Долаев Самғат Садырбайұлы Ауған соғысындағы совет жауынгерлерінің ерлік істері мәңгі ұмытылмайды дей келе, аға буын өкілі ретінде оқушыларға патриоттық тұрғыда осындай ой салар, үлгі болар кездесу, тағы да басқа іс шараларымыз жалғасын таппақ деді. Шара соңында ДТІЖО орынбасары Д.М. Татенова, кітапханашы А. Баймұханова, тарих пәнінің мұғалімі М: Отарқожаның ұйымдастырумен оқушылар әдеби монтаж қойды. Кездесуге келген ардагер жауынгерге оқушыларымыз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. ДТІЖО Д.М. Татенова қорытынды сөзінде бүгінгі кездесудің оқушыларға патриоттық тәрбие бағытында маңызы зор болғанын айтып, кездесуден естелік ретінде кітаптар сыйлыққа тарту етілді. Мектеп кітапханашысы А. Баймұханова бүгінгі тақырыпқа арналған әдеби кітаптарды жаздырып алып, оқуларыңызға болады деген ұсыныс жасап, іс - шараны аяқтады.