18
март
2019
Оқушылардың дұрыс тамақтануы-денсаулық кепіл
15.03.2019 ж. «Оқушылардың дұрыс тамақтануы-денсаулық кепілі» тақырыбында «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысы Е.А. Асемкулов, бас мамандары Р.Т. Жексембаева, Ш.М.Даулетканова мен мектеп басшысы С.С. Долаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Д.М. Татенова, С.Т. Тұрсынбаева, педагог ұйымдастырушы О.П. Кравченко, мектеп фельдшері С.Ю. Семенова және 3-4 сынып оқышыларының қатысуымен акция өтті. Іс-шараға «Талдықорған», «Огни Алатау» газетінің тілшілері А. Қаріпхан, М. Туғанбаев шақырылды.
Акция барысында дұрыс тамақтанудың ережелері, күн тәртібі, салауатты өмір салтын ұстану жайлы әңгіме өткізіліп, тамақтануға байланысты мақалдың мағынасын ашу тапсырмаларын орындатып, дұрыс тамақтануды насихаттайтын бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар үлестірілді. Акция кезінде «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында сурет жарысы өтті. Тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, жақсы сурет салған оқушыларды «Талдықорған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысы Е.А. Асемкулов мақтау қағазымен марапаттады. Шара соңында салауатты өмір салтын ұстанып дұрыс тамақтануға үндеу тастап, 8г сынып оқушылары топтық би биледі.