«Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы органдармен кездесу » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы органдармен кездесу
02
апрель
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы органдармен кездесу

«Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мақсатында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында құзырлы органдар өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қатысты. 

Іс-шараға мектеп оқушылары, сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігі қатысты. Кездесуге арнайы шақырылған құзырлы орган мамандары Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға-жедел уәкілі Абишева Мадина Габдолаевна. Врач-эпидемиолог Саутбеков Жандос Салимович, СӨС маманы Туткабаева Сандуғаш Ериковна. Мектеп фельшері Семенова Светлана Юрьевна оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, ерте жастан зиянды әдеттерге әуестену, интернет қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мамандар оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігімен айналысу, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау және психологиялық саулықты нығайту жолдары туралы құнды ақпараттар берді. Денсаулық – адам өміріндегі басты байлық екендігі айтылып, әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарауы керектігі түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өмірлік жағдаяттарға байланысты пайдалы кеңестер ұсынылды. Еркін форматта өткен шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың өз ойларын ашық жеткізуіне мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің жас ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор екендігін атап өтті. Кездесу оқушыларды саналы өмір салтын ұстануға, заң талаптарын құрметтеуге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және елінің адал азаматы болуға тәрбиелеуге бағытталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив