«Заң мен тәртіп» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

«Заң мен тәртіп»

Мектебімізде Жетісу облысының Облыс Прокурорының бірінші орынбасары Ержан Мухаметқалиұлының бастауымен «Заң мен тәртіп» акциясы ұйымдастырылып өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға өмір мен қауіпсіздікті қорғайтын құқықтық нормаларды сақтау өажеттілігін түсіндіру, заң талаптарын бұзудың салдары туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арсында құқықбұзушылықтың алдын алу болды. Кездесу барысында Жетісу облысының Облыс прокурорының аға көмекшісі Ж. Искаков заң талаптарын сақтау, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік және тәртіп мәселелері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Абдрахимов Е. оқушыларға интернет қауіпсіздігі, алаяқтықтан сақтану, әлеуметтік желілердегі қауіптер және киберқылмыстың алдын алу жолдары туралы маңызды мәліметтер берді. Облыстық психикалық денсаулыө орталығының дәрігері Ерғабылов М. жасөспірімдердің психологиялық саулығы, зиянды әдеттердің алдын алу, эмоционалдық тұрақтылық және дұрыс өмір салтын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив