«Мәдениет пен еңбек – ел абыройы»
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Мәдениет пен еңбек – ел абыройы» тақырыбында №7 Қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мәдениеттілік, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және қоғамдық тәртіпті сақтау ұғымдарын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, адал еңбек арқылы ел абыройын көтерудің маңызын ұғындыру болды.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері мәдениет пен еңбектің қоғамдағы орны туралы түсіндіріп, әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы ел дамуына ықпал ететінін атап өтті. Оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау және тазалық сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтау, мектеп ішіндегі тәртіп, жолда жүру мәдениеті, интернеттегі әдеп нормалары және киберқауіпсіздік мәселелері де қарастырылды. Оқушыларға өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Сабақ барысында мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, танымдық сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар мәдениет пен еңбек туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және тұлғалық дамуына оң әсер етті.
Аталған сынып сағаты оқушылардың мәдениетті тұлға болып қалыптасуына, еңбекке құрметпен қарауына және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын дамытуға бағытталды.