«Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам»
10
апрель
2026

«Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам»

2026 жылдың 06-10 сәуірі күні мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам» тақырыбында №6 Қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды білімге, ғылымға, ізденіске және адал еңбекке баулу, олардың танымдық белсенділігін арттыру, еңбекқорлық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болды.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері ғылым мен білімнің адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен түсіндіріп, жетістікке жетудің басты жолы – үздіксіз ізденіс пен табанды еңбек екенін атап өтті. Оқушыларға ұлы ғалымдар мен еліміздің білім мен ғылым саласында жетістікке жеткен тұлғалары туралы мағлұмат берілді.

Сабақ барысында оқушыларға қауіпсіз білім алу ортасын сақтау, мектептегі тәртіп ережелерін сақтау, оқу құралдарын дұрыс пайдалану, интернет қауіпсіздігі және цифрлық сауаттылық мәселелері де түсіндірілді. Әсіресе, ғаламторды тиімді пайдалану, жалған ақпараттан сақтану және киберқауіпсіздік ережелерін сақтау туралы маңызды кеңестер берілді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, болашақ мамандықтары туралы пікір алмасты. Танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, білім мен еңбекке байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер талқыланды.

Іс-шара оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін дамытуға, қауіпсіз әрі сапалы білім алуға бағытталды. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив