«Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті»
01-03 сәуір 2026 жыл аралығында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына арналған №5 Қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге жанашырлықпен қарау және табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері оқушыларға Жер-ананы қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін түсіндіріп, экологиялық қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен ақпарат берді. Табиғатты ластамау, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, жасыл желекті көбейту, жануарлар мен құстарға қамқорлық жасау туралы тәрбиелік әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар оқушыларға экологиялық мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі, климаттың өзгеруі, ауаның ластануы, су тапшылығы сияқты жаһандық проблемалар туралы түсіндіріліп, олардың алдын алуда әр адамның жауапкершілігі зор екені айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғауға байланысты ұсыныстарын білдірді.
Сабақ барысында бейнероликтер көрсетіліп, танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, экологиялық тақырыптағы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер талқыланды. Бұл оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Аталған сынып сағаты оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын дамытуға бағытталды.