«Менің туған өлкем»
Мектебімізде 17 сәуір куүні оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп ауласында табиғат аясында «Менің туған өлкем» атты танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабақ 4 сынып оқушылармен өтті.
Сабақ барысында оқушылар мектеп ауласындағы ағаштар, гүлдер мен өсімдіктер түрлерімен танысып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар табиғатты аялау, тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар табиғат аясында түрлі сұрақ-жауаптарға қатысып, бақылау жұмыстарын орындады. Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттырды.
Өткізілген танымдық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды.