«Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады»
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында №8 Қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру және еңбек арқылы табиғатты аялауға баулу болды.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, экологиялық қауіпсіздік туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушыларға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасау сияқты маңызды мәселелер түсіндірілді.
Сонымен қатар табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің салдары, ауа мен су ластануы, орман өрттерінің алдын алу, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану туралы тәрбиелік әңгімелер жүргізілді. Оқушылар табиғатты қорғауға байланысты өз ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды.
Сабақ барысында экологиялық тақырыптағы бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылды. Табиғатты аялау туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер талданып, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы нығайтылды.
Аталған іс-шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, жауапты еңбекке тәрбиелеуге және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.