«Адал еңбек» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
апрель
2026

«Адал еңбек»

2026 жылдың 06-10 сәуірі күні мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында: «Адал еңбек» тақырыбында бейнероликтер көрсетілімі бойынша ақпарат

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, еңбекқорлыққа баулу, адал еңбек пен маңдай тердің қадірін ұғындыру мақсатында «Адал еңбек» тақырыбында бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы, табысқа жетудегі еңбекқорлықтың рөлі, адал жолмен жеткен жетістіктің құндылығы туралы мазмұнды бейнероликтер ұсынылды. Көрсетілімде түрлі мамандық иелерінің қажырлы еңбегі, ел дамуына қосқан үлесі, адал еңбек арқылы биік белестерді бағындырған тұлғалардың өмір жолы таныстырылды.

Бейнероликтерді тамашалау барысында оқушылар еңбекке құрметпен қарау, кез келген істі жауапкершілікпен атқару, уақытты тиімді пайдалану, алға қойған мақсатқа табандылықпен жету секілді құндылықтар жөнінде мол мағлұмат алды. Сонымен қатар шара соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, адал еңбек адамды шыңдайтыны және қоғамда әр мамандықтың орны ерекше екендігі туралы пікірлерін білдірді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына еңбекқорлық, жауапкершілік, адалдық қасиеттерін сіңіру, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру және еңбекті бағалай білетін саналы тұлға тәрбиелеу.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив