17
апрель
2026
«Алтын сақа» олимпиадасындағы жеңіс
17.04.2026 ж. 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» облыстық олимпиадасы өткізілді. Мектебіміздің намысын қорғаған жас математиктеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындармен оралды!
Біздің мақтаныштарымыз:
- Мұхтар Алихан (6-сынып) – 1 орын иегері! Алихан тамаша білімінің арқасында олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жетекшісі: Бақытжан Айханым.
- Жаныс Абылайхан (6-сынып) – 2 орын иегері!
Жетекшісі: Мурсакимова Гульжан Алтайбековна.
Оқушыларымыхды және олардың жетекшілерін осынау айтулы жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңде Алиханға сәттілік тілейміз! Мектебіміздің мерейі үстем болсын!