22
апрель
2026
Талдықорған қаласы, « Авицеенна» медициналық колледжі» ЖШК
Мектебіміздің 9-сынып оқушыларына ЖШС «Авиценна» медициналық колледжі өкілдері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі білім беру бағдарламалары, медициналық мамандықтар, оқу үдерісі мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Колледж мамандары медицина саласының ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып, болашақта сұранысқа ие мамандықтар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, студенттердің тәжірибелік сабақтары мен кәсіби дайындық мүмкіндіктері таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті жауаптар алды. Кәсіптік бағдар беру кездесуі оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт-бағдар берді.


