«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» Жаратылыстану - техникалық факультеті
Мектебімізде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жаратылыстану-техникалық факультетінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға «Экология», «Агрономия», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Факультет мамандары аталған білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу үдерісі, мамандықтардың қоғамдағы маңызы мен болашақтағы сұранысы туралы түсіндірді. Сонымен қатар, талапкерлерге университетке қабылдау ережелері мен білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және кәсіби қызығушылықтарын арттыру. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтермен танысты.

