26
февраль
2025
«Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» атты танымдық іс-шарасы
2025 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында мектеп қабырғасында «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында, «Ата-әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» атты қалалық танымдық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара мақсаты: жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу. Іс-шара Талдықорған қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, өз бағаларын беріп кетті. Бұл дәстүрге айналған мерекеге мектебіміздің оқушылары, ұстаздары, ата-аналары белсенділік танытып, қатысты.

