Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте» атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте» атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
21
февраль
2019

Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте» атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара

Мақсаты: Оқушыларды өлкеміздің ардақты Аналарының еңбек жолдарымен таныстыру
Міндеттері: Бүгінгі жас ұрпақты Жетісу жеріндегі еңбегімен де, отбасындағы берекесімен де ел аузына іліккен, аналармен таныстыру. Олардың еңбектерін дәріптей отырып, іскерліктің ел өміріндегі орнына тоқталу, жастарға үлгі ету.
Тәрбиелік-танымдық іс-шара ІV бөлім бойынша жоспарланып өтті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» атты І бөлім С.Торайғыровтың «Қазақ» өлеңінен басталып, қазақтың қазақтығы өзінің ұясындағы салт-дәстүрді сақтаудан басталатыны туралы айтты. Мектеп фойесіне көркемеңбек әдістеме бірлестігінің оқушылармен атқарып жүрген жұмыстарынан көрме қойылып, оқушылар әр бөлім бойынша жұмыс түрлерін жасап көрсетті.
"Шебердің қолы алтын" көрмесінде оқушыларымыз ағаштан жасалған бұйымдарды көрсетіп, сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі - қолөнері екенін атап өтті.
«Шеберлікте шек жоқ» көрмесінде квиллинг өнерін ұсынды. Квиллинг – жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен заттар жасалатыны және бұл өнерді меңгерген қазақ қыздары сұлулыққа,нәзіктікке, шыдамдылық пен сабырлылыққа тәрбиеленетінін айтты.
«Қыз еркем, кестесімен көркем» бұл көрмеде халқымыз қыз баланы жастайынан кесте тігіп, құрақ құрау өнеріне баулитыны жайлы мәлімет беріп, құрақ түлерін ұсынды.
«Оймақ пішсең де ойлап піш» көрмесінде фетра матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келетінін, бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, брош, қалпақ, жасауға қолданатынын, фетраның түрлеріне тоқталды. Осы күндері кеңінен таралған фетра матасынан жасалған заттарды ұсынды. Мектептің оркестрінің орындауында «Келіншек» күйі мен «Көрпе» биін орындалуын тамашалады. Бірінші бөлімге 37 оқушы қатысты.
Қонаққа облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері ақын К.Рақыш, Ж.Даркембаева, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, әділқазы төрайымы-Зәуре Әнуарбекқызы Жақатаева, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері- Б.Сүлейменов, Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы, Н.Қыдырәли және З.Тамшыбаеваның ұлы, «Еңбекші» ауылының әкімі Қ.Т.Қарабасов және кенже немересі Бибіш Тоқсанбай келді. Естелікке фотоға түсіп, келесі «Жетісудың қыздары!» деп аталатын ІІ бөлімге өтті. Бұл бөлімде жапырақты көрме ұйымдастырылды. Бір кезде бұрымы бұлғақтаған жас арудың жар сүйіп, өмірге бала әкеліп, ана деген атқа ие болуы әйел-аналарға ғана тиесілі бақыт екенін, отбасының тыныштығы мен тұрақтылығын мемлекеттің негізі екенін жақсы түсінген нәзік жандардың өз басынан артық қоятынын Аналарымыз, Жетісу өңірінің бақыттарын еңбектен де, отбасынан да тапқан жандардың біразымен таныстырылды.
І жапырақ «Қазақтың тұңғыш локомотив машинисі » Есболатова Алтынай апамыздың өмірбаяны мен еңбек жолына арналды.
ІІ жапырақ «Білімнің білгір маманы» бақытын еңбегінен тапқан жанның бірі – Сәуле Сырттанқызы Рақышеваның білім саласына 40 жыл еңбек етіп, әлі де мектеп ұжымымен тығыз байланысына тоқталды.
ІІІ жапырақ «Спорт әлеміндегі қайсар қыз» бақытын еңбегімен тапқан жанның бірі - Қазақстан пауэрлифтинг спортының бірегейі Раушан Қойшыбаеваның спорттағы жетістіктерін мақтанышпен айтып өтті.
ІV жапырақ «Өнерім - өмірім» бақытын еңбегімен тапқан жанның бірі - кино және театр актрисасы Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның Халық артисі, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттағы артисі. "Құрмет" орденінің иегері екенін атап өтті.
V жапырақ «Парасат патшайымы» Алматы облысының Құрметті азаматы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Есболатқызы Сақауова Талдықорған облысын құруда білек түре еңбек етіп, ерлермен бірге атқа қонып, Жетісу өңірінің идеологиясының мығым болуына, әлеуметтік дамуына бар білімі мен күш-жігерін жұмсаған жан екенін айтты.
VІ жапырақ «Еңбекшінің еңбекқор қызы» Бақытын еңбегімен тапқан жанның бірі Битай Татенова 15 жасынан бастап «Еңбекші» колхозында тынымсыз еңбек етіп, Ленин ордені мен Социалистік Еңбек Ері атағымен мараппатталғаны жайлы ақпарат алды.
VІІ жапырақ. «Ұлттың ұлылығын ұлықтаған қызы» бақытын еңбегімен тапқан жанның бірі - Райхан Қапышқызы Сергазинова облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарымызды ата-бабалар дәстүрінде тәрбиелеуде ұлттың өмірлік бай тәжірибелерін насихаттап, халқымыздың рухани байлығын көтеруде зор үлес қосып келе жатқан жанның бірі екенін айтты.
VІІІ жапырақ. «Қоғам қайраткері» бақытын еңбегінен тапқан жанның бірі -Шәмшидинова Куләш Ноғатайқызының еңбек жолына тоқталып, жеткен жетістіктерін, бүгінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы екенін атап өтті. Бұл бөлімге 48 оқушы қатысты.
Қонақтармен естелік фотоға түсіп келесі ІІІ бөлім «Толқыннан толқын туады...» деп аталған бөлімге өтті. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ әйеліне мүлде бөлек, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр. Олар тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Сондай жандар осы апаларымыздың еңбектерін бүгінгі күнде жалғастырып жүрген, белгілі бір жетістікке қол жеткізген мектебіміздің асыл аналарымызды жоғарғы орыс тілде оқытылатын оқушыларымыз таныстырып, естелікке «Ұлы даланың жеті қыры» атты дайындалған белгішені қонақтардың кеудесіне тақты. Бұл бөлімге 9 оқушы қатысты.
Естелікке бір фотоға түсіп, ІV бөлім «Тамшыбайдың тамшыдай немересі» деп аталатын тәрбиелік-танымдық кешімізге қатысу үшін мектептің мәжіліс залына өтті. «Бақыттың кілті еңбекте» атты тәрбиелік-танымдық кездесуіміздің келесі бөлімі Елбасымыздың қараша айында «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында ерекше аталып өткен Асқақ Алатаудың баурайындағы алма мен қызғалдақтың Отанында дүниеге келген Жетісу жерінің мақтанышы, елінің ерге балаған батыр қызы Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваға арналды. Бөлімнің басы З.Тамшыбаеваның әкесі төртінші баласынан айырылып, қорым басындағы көрінісінен үзіндіден басталды. А.Кендірбектің З.Тамшыбаеваға арналған «Тамшыбайдың тамшыдай немересі» арнауын 4 сынып оқушысы Сансызбай Перизаттың орындауында жалғасын тапты.
«Аңызға айналған Тұлға» бейнежазбасынан үзінділер көрсетіле отырып, ұлы
Қанат Тоқсанбайұлы З.Тамшыбаева жайлы естеліктер айтып, келешек ұрпаққа үлгі болатындай өсиет сөздерін өмірмен байланыстыра айтып өтті. «Беу, қыздар-ай!» атты қойылымынан үзінділер («Ауыл председателі мен полициясы», «Хасен, Сұлтан, Әубәкір», «Сауыншылар») қойылды. «Сауыншылар» қойылымының соңында 10 сынып оқушысы Тұрсын Аружан «Әйтеуір сол қыз» әнінен үзінді орындады. Қойылым соңында З.Тамшыбаеваның өмірі мен еңбек жолына есеп беру монологын жаңғырық дауыс арқылы 10 сынып оқушысы Кунупиянова Мединаның орындауында көрерменге ұсынылды. 1, 2, 7 сынып оқушыларының орындауында «Бидай» биі мен 6 сынып оқушыларының орындауында Кенжехан Рақыштың «Жақсылардың арқасы» әні орындалды. 9 сынып оқушысы Болат Аружан мен 7 сынып оқушысы Құрмангалиева Алиманың орындауында «Ана» әні шырқалды. 10 сынып оқушылары «Неге біз?» монологын оқыды. Бұл монологта еңбегімен елге танымал болуына аналарымыздың қасындағы еңбекқор, талапшыл, қайсар жан жарлары үлкен себеп болғаны, оларды еңбек жолында қолдай алғандары, қорғай алғандары, өмір жолында да бірге жүргендері жайлы айтылды. Тәрбиелік-танымдық іс-шара соңын 6 сынып оқушыларының орындауында «Қазақ қыздары» әнімен аяқталды. Мектеп директоры С.С.Долаев келген қонақтарға қатысқан оқушылар мен ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге алғыс білдіріп, іс-шараны қорытындылады. Тәрбиелік-танымдық кешті облыстық ардагерлер алқасы мүшесі Ж.Даркембаева, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Сүлейменов шараның өтуіне, ұжымға, оқушыларға ризашылығын білдіріп, қорытындылады. Жас ұрпаққа Н.Қыдырәли батасын берді. Тәрбиелік-танымдық іс-шараның соңында мектеп ұжымы, оқушылар, қонақтар естелікке суретке түсті. Қала мектептері арасында өткен шараға ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз Іс-шараны мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Т.Тұрсынбаева мен Д.М.Татенова ұйымдастырып, сценарийін қазақ тілі пәні мұғалімі А.Р.Досыкенова жазуға атсалысып, ал мектебіміздің әжелер төрайымы Г.З.Маханова, еңбек пәні мұғалімдері Б.Ш.Сулейменов, М.Байсеитов, Х.Хошманова, қазақ тілі пәні мұғалімдері Ж.Ж.Алимбекова, И.Г.Кабылкакова, Ғ.Д.Иманбекова, бастауыш сынып мұғалімдері Л.Б.Сейдахметова, Ж.Д.Рахжанова, С.В.Степанова, музыка пәні мұғалімі Т.К.Ракишева, би және домбыра үйірмесінің жетекшілері Г.С.Кемалова,
А.Р. Керейбаева, 10 «А» сынып оқушылары мен жетекшісі Б.Н.Жұмабаева үлкен ауқымды іс-шараның жоғарғы деңгейде өтуіне мектеп ұжымы болып атсалыстық.
Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте»  атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте»  атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте»  атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте»  атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
Ата-баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Бақыттың кілті еңбекте»  атты тақырыпта өткен тәрбиелік-танымдық іс-шара
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив