«Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер»
04
март
2021

«Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер»

 Қашақтықтан оқыту кезінде жас мамандарға көмек көрсету мақсатында қалалық тәлімгерлер қауымдастығы құрылған жоспар бойынша әртүрлі іс –шаралар өткізіп келеді. Бүгін Абай атындағы №1орта мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәлімгер Алимбекова Жұмағыз Жолшиевна «Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер» тақырыбында шебер – сынып көрсетіп, жас мамандармен іс – тәжірибе алмастым.

 « Сабақтарда қолданылатын белсенді әдіс – тәсілдер» - сабақ басында оқушы зейінін тақырыпқа аудару үшін әр түрлі суреттер мен мақал – мәтелдерді, өлең үзінділерін қолданамын. 

  1. Тақырыпты ашатын видео көрсету әдісі – Видеоны көріп болған соң, сөздік қоры жететін оқушы осы тақырыпты өзі жалғастыруға деген ынтасы пайда болады.
  2.  Бір сөйлемге  3 түрлі сұрақ қою әдісі – Мысалы: Нұрсұлтан  қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы.1. Нұрсұлтан  қандай қала? 2. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?  3.Нұрсұлтан қаласы Қазақстан Республикасының несі?
  3. «Шағын дәрістер» әдісі – Сабақ тақырыбы туралы қысқаша мәлімет беру, әңгімелеп беру (бұл әдісті оқушы да, мұғалім де қолдануына болады).
  4. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру – бұл әдіс ең қолжетімді, сабақ үстінде бірнеше рет қолдануға болатын өте ыңғайлы әдіс. 
  5. БЛУМ ТҮЙМЕДАҒЫ  (топпен жұмыс) – жапырақшаларға әр оқушыға өз ойын жазады, басқа оқушы жауап береді, оқушыларға өз ойын жазуға, сұрақ қоюға мүмкіндік беретін әдіс. 
  6. «Веер» әдісі(жұппен жұмыс) -Не қызық болды? Неге қызық болды? 

Дәлелдеңіз... – мәтінмен жұмыс кезінде және сабақты қорытындылау кезінде өте жақсы нәтиже береді, түсінбей қалған сұрақтарын жазатын оқушыларда болады, бұл мұғалімге ендігі сабаққа дайындық кезінде қолдануға мүмкіндік береді.

     7. «МИКС» жаттығуы       

1 - топ өлең шығару;  2 - топ бір әннің мелодиясына   салып орындау ; 3 - топ   мақал–мәтелдер  айту;   4 - топ   мимикалық  көрініс   көрсету – оқушының қабілеттерін ашуға үлкен көмек болады.

     8. Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі ...» - сабақты 1 сөйлеммен қорыту.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив