«Пәндер сабақтастығындағы белсенді әдістердің тиімділігі» » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Пәндер сабақтастығындағы белсенді әдістердің тиімділігі»
11
март
2019

«Пәндер сабақтастығындағы белсенді әдістердің тиімділігі»

«Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-да наурыздың бірі күні «Пәндер сабақтастығындағы белсенді әдістердің тиімділігі» атты «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен аймақтық семинар өтті. Семинарға облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Б.Далабаева, қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары С.Ш.Бактыбаева, білім бөлімінің әдіскері А.А.Жайлымысова қатысты. Семинарда мектеп-гимназияның пәндер сабақтастығындағы-пәндерді кіріктіріп оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану іс-тәжірибесі таратылды. Аймақтық семинар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, облыс тренері А.Р.Досыкенованың әдістемелік сүйемелдеуімен өткізілді.
Семинар барысы бірнеше кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде пәндік көрмелер ұйымдастырылды. Пәндік көрмеге мектебіміздегі он пән бірлестіктерінің бір жылдағы жеткен жетістіктері және жаңартылған білім берудегі қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, тәрбие ісіндегі жетістіктері қойылды. Екінші кезеңде ашық сабақтар сериясы көрсетілді. Ашық сабақтар сериясы топтамасында бастауыштағы сауат ашу мен ағылшын тілін кіріктіріп оқыту, Грамота пен естествознание пәндерін кіріктіріп оқыту, орыс тілі мен дене шынықтыру пәндерін сабақтастыра өткізу тәжірибесі көрсетілді. Келесі топтамада тарих пен қазақ тілі пәндері, үш тіл пәндерін, жаратылыстану- математикалық цикл пәндерін кіріктіріп оқытудағы әдіс-тәсілдер, биология пәні мен ағылшын, қазақ тілі пәндерін кіріктіріп оқытудағы әдіс-тәсілдерді көрсетіп, мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісті.
Үшінші кезеңде мектеп тренерлері түрлі тақырыптарда шебер-сыныптар өткізді. Ашық сабақтар топтамасына барлығы мектебіміздің 20 мұғалімі өз тәжірибесімен бөліссе, шебер-сыныптарда мектебіміздегі облыстық және мектепішілік тренерлері жетекшілік етіп, кіріктірілген сабақтардағы белсенді әдістермен, сабақты тиімді ұйымдастырудағы, бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастырудағы заманауи әдістермен таныстырды.
Ең соңында істелінген шаралар бойынша рефлексия алаңы жұмыс істеді. Аймақтық семинарға қатысқан барлық мұғалімдер семинарға жалпылама свод талдау жасап, өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Б.Далабаева қорытындылап, пікірін жеткізді.

«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
«Пәндер сабақтастығындағы  белсенді әдістердің тиімділігі»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив