15
январь
2026
Сүлеймен Демирел атындағы университет (SDU)
Мектебімізде 11 сынып оқушыларына Сүлеймен Демирел атындағы университет (SDU) өкілдерінің қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, IT және инженерлік бағыттар, шетелдік серіктестік мүмкіндіктері, оқу үдерісі және қабылдау талаптары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ мамандар студенттерге арналған халықаралық алмасу бағдарламалары мен заманауи білім беру жүйесінің артықшылықтарын түсіндірді. Университетте олимпиада ұйымдастыратындары жайлы хабардар етті, олимпиада жеңімпазы осы ЖОО түскенде пайыздық мөлшермен жеңілдік алатындары жайлы ақпарат берілді. Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына мүмкіндік берді.


