27
апрель
2026
«ZERDELI» оқу орталығы
Мектебімізде Zerdeli оқу орталығы өкілдері 10-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға:
- түрлі мамандықтар туралы ақпарат берілді
- болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы түсіндірілді
- оқу орталығының дайындық бағыттары таныстырылды (ҰБТ, олимпиада, емтиханға дайындық)
- сұрақ-жауап форматында еркін пікір алмасу өтті
Оқушылар өз қызығушылықтары бойынша сұрақтар қойып, мамандық таңдау жолдары туралы пайдалы мәлімет алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби бағытын айқындауға және болашаққа саналы жоспар құруына ықпал етеді.

