Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің пән онкүндігі туралы қорытынды есебі » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің пән онкүндігі туралы қорытынды есебі
15
ноябрь
2021

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің пән онкүндігі туралы қорытынды есебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік онкүндігі қараша айының 15-нен 24-і аралығында «Кел, балалар,оқылық!»атты тақырыппен өтті. Онкүндік жоспары бойынша өтетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар алдын- ала жоспарланып бекітілді.

15.11.21ж. күні  апталықтың ашылу салтанатына қарай директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М.Қ.Смагулова тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де,тұғырлы екенін айта отырып, апталықтың  ашылуымен құттықтап өтті.

«Кел,балалар,оқылық» тақырыбы мен Ы.Алтынсарин,А.Құнанбайұлы,А.Байтұрсынұлы,Ж.Жабаев портреттері  мен нақыл сөздері ілініп, «Мәңгілік ел -мәртебелі тіл» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін 1-4- ші сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің өлеңдерінен үзінді жаттап айтса,қазақ сыныптарынан А.Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ашылу салтанаты соңы ән шашумен жалғасты.

Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.Ашық сабақтарда жаңартылған білім беру бойынша оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білу,функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыру басты назарда болды.Әр ашық сабақта түрлі әдіс- тәсілдер қолданылып, оқушының қазақ тілі мен әдебиетіне деген  қызығушылын арттыруда түрлі тапсырмалар берілді.Сабақтар жүйелі,оқу мақсаттарына сай өткізілді.

Хамитулданова А.Ә «Тараздың бойтұмары» тақырыбында,Султанғазина А.Д. «Сиқырлы кілем» тақырыбында,Байсова С.Ж.,Рахимбаева Э.Н. «Арал трагедиясы» тақырыбындағы сайыс сабақ, Чатбай Т «Астана- әсем қала» тақырыбында,Даутова Ж. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»өлеңіндегі көркем образ тақырыбында,Ханафия  Х. «Мынау- қалың кітап» тақырыбында,Талдыбаев Б. «Құсбегілік-хоббидің бір түрі»тақырыбында,Құспекова  «Б.Мұқайдың «Өмірзая» романындағы замана көрінісі тақырыбында,Иманбекова Ғ. «Дермене жусаны» тақырыбында ашық сабақтар өтілді. Ал,Досыкенова А.Р. «Мемлекеттік тілді білу- міндетіміз» деген тақырыпта қазақ тілін үйренушілермен онлайн түрінде телекөпір ұйымдастырды. Қазақ тілін бір жыл ішінде меңгерудің әдіс -тәсілдерімен қоса,алыс шетелден келген азаматтармен  сұхбат жүргізді.

Пән апталығы барысында әр қоңырау сайын қазақтың атақты күйшілері :Д.Нүрпейісова,Қ.Сағырбайұлы,Д.Шығайұлы,Т.Қазанғапұлы күйі қойылса,екінші аптада «Қазақстан»туралы әндер қойылды.

Мақсаты:Оқушылардың рухани мәдениетін,эстетикалық ,танымдық қабілеттерін дамытып,ата- бабаларымыздың асыл мұрасын болашаққа насихаттау.

 «Жұмбақтар әлемі», «Жаңылтпаштан жаңылма»атты айдармен  сыныптан тыс іс- шаралар өтті(5 сыныптар).

«2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ұлт ұстаздары Ы.Алтынсарин(оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптар) мен А.Байтұрсынұлының (қазақ сыныптары) шығармаларын оқу ұйымдастылды.Үздік оқырмандар мақтау қағазымен марапатталды(5 11 сыныптар).

                                                                                                                               ӘБ жетекшісі:Байсова С.Ж











.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив