"Баланың басты ұстазы-ата-анасы"
05.12.2025ж "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының орындалуы барысында мектепте мектепішілік "Баланың басты ұстазы-ата-анасы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында көптеген мәселелерге тоқталып, мектеп директоры Шынар Дауылқызы мектеп ережесімен таныстырып өтті. Жиналыстың соңында ата-аналар өздерінің кері байланыстарын қағаз бетіне жазып, сурет етіп салып өз ойларын ортаға салды.