«Туран» университеті
Бүгін, 21.01.2026ж күні мектебімізге Тұран университетінің өкілдері келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау, университеттегі білім беру бағдарламалары мен болашақ мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Осындай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар береді.