Марапаттау жиыны
Бүгін мектебімізде марапаттау жиыны өткізілді. Мектебімізде тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара білім мен еңбекті бағалауға, оқушыларды жаңа жетістіктерге ынталандыруға бағытталды. Салтанатты жиында оқу озаттары, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ мектеп өміріне белсенді қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.