Материалы за Апрель 2026 года » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года
«Суды үнемде – болашақты сақта»
30
апрель
2026
«Суды үнемде – болашақты сақта»
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 10.00-де «Суды үнемде – болашақты сақта» атты жоба аясында республикалық экологиялық сағат өткізілді.  Эко-сағатқа мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары онлайн қатысып, су ресурстарының маңызы, оны үнемдеу жолдары, экологиялық мәселелердің алдын алу және табиғатты қорғау туралы ақпарат алды. 
«Достық жарысы»
29
апрель
2026
«Достық жарысы»
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай спорттық ойындар «Достық жарысы»  Өткізілген күні – 29 сәуір  Қамтылған сыныптар: 3-сыныптар Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, командалық рух пен достықты қалыптастыру.  Жарыс барасында оқушылар бірнеше кезең бойынша өзара сайысқа түсті. Атап айтқанда, жылдамдыққа жүгіру, эстафеталық ойындар, доппен түрлі тапсырмалар орындау, арқан тарту сияқты қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар
Құқықбұзушылықтың алдын алу
28
апрель
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында сәуір айының 28-і күні Талдықорған қалалық полиция басқармасының Ювеналдық полиция инспекторы қызметкері полция майоры Анжелла Борисовна Куралева 5-6 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдамтырылды. Кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп менторы Искаков М. оқушылар арасындағы буллинг, кибебуллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Достық шеңбері
28
апрель
2026
Достық шеңбері
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеңбері» флешмобы  Өткізілген күні: 28 сәуір 2026 жыл  Қамтылған сыныптар: 1-11 сыныптар  Мақсаты: Оқушылар арасында ұйымшылдықты, достықты, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, ортақ Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. 
«ZERDELI» оқу орталығы
27
апрель
2026
«ZERDELI» оқу орталығы
Мектебімізде Zerdeli оқу орталығы өкілдері 10-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға: түрлі мамандықтар туралы ақпарат берілді  болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы түсіндірілді  оқу орталығының дайындық бағыттары таныстырылды (ҰБТ, олимпиада, емтиханға дайындық)  сұрақ-жауап форматында еркін пікір алмасу өтті  Оқушылар өз қызығушылықтары бойынша сұрақтар қойып, мамандық таңдау жолдары туралы пайдалы мәлімет алды. Мұндай кездесулер
«Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады»
24
апрель
2026
«Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады»
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында №8 Қауіпсіздік сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру және еңбек арқылы табиғатты аялауға баулу болды. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, экологиялық қауіпсіздік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қауіпсіз терезе
24
апрель
2026
Қауіпсіз терезе
2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ 2026 жылғы 30 наурызда бекітілген «Балалардың терезеден құлауынан болатын жарақаттар мен өлімнің  алдын алу бойынша жыл сайынғы республикалық «Қауіпсіз терезе» науқанын өткізу туралы» ережеге сәйкес 24 сәуір күні Талдықорған қалалық полиция басқармасының Ювеналдық полиция қызметкерлері полиция майоры Анжелла Борисовна Куралевамен бірлесе отыры, 4-6 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжі
24
апрель
2026
Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжі
Бүгін мектебімізде Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжінің ұжымы қонақта болып, 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағыттары, мамандықтар ерекшелігі және болашақта сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берді.  Іс-шараның басында екі мекеме директорлары өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды. Бұл — алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды, яғни әртүрлі жобаларды қолға
Табиғат оянды, қауіп те артады
23
апрель
2026
Табиғат оянды, қауіп те артады
Мектебімізде 23 сәуір күні көктем мезгілінде табиғаттың жандануына байланысты туындайтын қауіптердің алдын алу, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында «Табиғат оянды, қауіп те артады» тақырыбында төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері көктемгі су тасқыны, өрт қауіпсіздігі, жолдағы сақтық шаралары, табиғат аясындағы қауіпсіздік талаптары жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға рұқсат