Материалы за 24.04.2026 » Абай атындағы №1 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-52-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-52-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады»
24
апрель
2026
«Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады»
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында №8 Қауіпсіздік сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру және еңбек арқылы табиғатты аялауға баулу болды. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, экологиялық қауіпсіздік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қауіпсіз терезе
24
апрель
2026
Қауіпсіз терезе
2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ 2026 жылғы 30 наурызда бекітілген «Балалардың терезеден құлауынан болатын жарақаттар мен өлімнің  алдын алу бойынша жыл сайынғы республикалық «Қауіпсіз терезе» науқанын өткізу туралы» ережеге сәйкес 24 сәуір күні Талдықорған қалалық полиция басқармасының Ювеналдық полиция қызметкерлері полиция майоры Анжелла Борисовна Куралевамен бірлесе отыры, 4-6 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжі
24
апрель
2026
Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжі
Бүгін мектебімізде Көксу ауданы Ауылшаруашылық колледжінің ұжымы қонақта болып, 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағыттары, мамандықтар ерекшелігі және болашақта сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат берді.  Іс-шараның басында екі мекеме директорлары өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды. Бұл — алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды, яғни әртүрлі жобаларды қолға