Түлектердің ағаш егуі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес «Қамқор» жобасы аясында «Жасыл желек» клубы 11-сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджін өткізді. Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін дамыту, мектеп аумағын көгалдандыру арқылы жас ұрпақты еңбекқорлыққа, бірлікке және азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.