«Жақсылық жасап жарысайық»
«Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық ақциясы Мектебімізде «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Қайырымдылық акциясы оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, көпшілікке үлгі боларлықтай игі іс ретінде есте қалды. Акция барысында оқушылар мен мұғалімдер бірлесе отырып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетті. Бұл шара олардың жүрегінде мейірімділік пен жанашырлық сезімдерін оятуға ықпал етті.