01
апрель
2026
Халықаралық Құстар күні
2026 жылғы 1 сәуір күні «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы КММ базасында Халықаралық Құстар күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға құстар туралы танымдық ақпараттар берілді. Сонымен қатар құстарға ұя жасау акциялары ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты. Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысып, табиғатты қорғау мәселелері кеңінен насихатталды.